21/07/2024
“Cashflow101” (“Ақша
ағыны101”) - “Бай әке, Кедей әке”,” ақша ағынының Квадранты “ және т.б. кітаптардың авторы, инвестор, миллионер Роберт Кийосаки жасаған қаржылық үстел ойыны.
💵💵💵💵💵💵💵💵
Ойын-бұл қаржылық сауаттылығыңызды арттыратын жаттықтырушы, ментор десе болады. Мұнда ұсынылған жағдайлардың арқасында қаржылық стратегияңызды тексеруге, ақшаңызды, кірістеріңіз бен шығындарыңызды көруге, мүмкіндіктерді байқауға, адамдармен келіссөздер жүргізуді үйренуге мүмкіндік бар. Ойыншылар қор нарығында сауда жасап шеберлігін шыңдайды💰, жылжымайтын мүлікті сатып алады🏡және оны тиімді сатады, түрлі бизнестер құрады. Ең бастысы-шешім қабылдау.
Ойын сіздің ойлауыңызды(мышление), өміріңізді және өмірлік стратегияларыңызды толығымен көрсетеді.🧠
Бұл ойынды барлығы ойнауы керек.
(Бір адам 100 рет ойнау керек деп те айтып жатады)
Өйткені, әр адам үнемі ақшамен жұмыс, келісімдер жасайды. Бұл ойын оның бәрін сауатты жасауға үйретеді.
Егер сіз ешқашан Cashflow ойнамаған болсаңыз, онда сіз оны міндетті түрде ойнауыңыз керек🙌🏻.
Егер ойнаған болсаңыз, қайталау керек😉.
Әр ойнаған сайын адам жаңа ақпарат, тәжірибе және инсайттар алады.