19/10/2020
Repost from
•
Құрметті оқырман!
⠀
Бүгін сізге біздің психоанализ орталығының кейбір мақсат, армандары туралы айтқымыз келіп отыр.
Қарапайым халықтың жағдайы төмен екені айдан анық.
Халықтың жағдайын көтеретін, көмек бере алатын бірдін-бір кепілі бар әдіс ол-психоанализ. Неге десеңіз, 25 жылдан астам адам жанымен жұмыс жасап, нәтижесі дұрыс екеніне күмәніміз жоқ.
⠀
Осы орайды, сөзсіз, қазіргі таңдағы ең басты арманымыз психоанализді баршаға дарыту, халықтың ызасын азайту, психологиялық білімін арттыру, педофилия деген сұмдықпен күресу.
⠀
Өкінішке орай, Қазақстанда ақыл-есінде ауытқушылығы бар жандар өте көп.
Біздің орталықтың басты мақсаттарының бірі: осы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беріп, қоғамда бейімделуін жасау.
⠀
Осы айтып кеткен арман мақсаттарымызды жүзеге асыру мақсатынды «Training Cafe» — мүмкіндігі шектеулі балаларды жұмыспен қамтамасыз етіп, олардың әрекетке қабілеттілігін алып беру шараларын жүзеге асырып жүрміз.
⠀
Сонымен қатар, кеше өзіңіз көргендей, апта сайын баршаға ашық, тегін психоанализ салондары (кездесулер) өтеді, Бұның өзі халықтың психологиялық жағдайын көтеру мақсатында жасалатын істер.
Осындай тегін әлеуметтік іспен айналыса отырып, жабырқайтын сәттер де аз емес.
⠀
Соның бірі кешегі Анна ханыммен өткен тегін психоанализ салонына келген адамдар Training cafeде тамақтанып, біздің мүмкіндігі шектеулі жұмысшы балаларымызға жәрдемі болар деп үміттенсек, ақысын төлемей кеткен жандар да аз болмады. Өкінішті.
⠀
Бірақ осы өкінішімізді естіген біздің бір жанкүйеріміз, бүгін қол ұшын беріп, кеше төленбей қалған соманы өзі төлеп, одан бөлек «Педофил әкемнің құрбанымын» атты фильмге де қол ұшын тигізіп жатыр. Жанкүйеріміз есімін атамауын сұраған, сонда да жағымды жағдаймен бөліскіміз келіп отыр.
⠀
Құрметті оқырман, бұл наразылық емес, біздің психоанализ орталығының Қазақстан халқына жасап жүрген әлеуметтік маңызы бар жұмыстарымен сізді таныстырып, жағдайыңыз болса қол ұшын созуға шақыру.
⠀
Қазір өткір мәселе ол – Педофилиямен күрес. Фильм шығаруға қыруар ақша қажет. Ақшалай көмегіңізді Каспи картасына салуыңызға болады: 87773910082